Заң

Сәулет және қала құрылысы саласында қызмет алушының құқығы қорғалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Тараз қаласының тұрғыны өзіне тиесілі жер учаскесін екі бөлікке бөліп, жаңа жер учаскелеріне мекенжай беру туралы анықтамасын алу үшін қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне өтініш білдірген.Алайда Бөліммен жер учаскесінің бір бөлігіне жаңа кадастрлі мекенжай анықтамасы берілсе, жер учаскесінің екінші бөлігіне мекенжай анықтамасын беру кезінде ескі кадастрлы нөмірін қайта көрсете отырып, сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Осы орайда, өтініш иесі Бөлім тарапынан көрсетілген сапасыз қызметке наразылық білдіріп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымданған.

Департаментпен шағымды сұрау салу арқылы қарау барысында Бөліммен мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында белгіленген құжаттар тізілімінен бөлек артық мәліметтерді, яғни алынған жаңа кадастр нөмірін дәлелдеп беру үшін қосымша растау мәліметтері сұратылғандығы анықталды.

Қызметті көрсету үшін барлық құжаттар мен мәліметтер электронды үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алатындығы айқындалған және басқа қосымша құжаттармен мәліметтер сұратуға жол берілмейді.

Осылайша, Департаменттің ықпал ету шараларының нәтижесінде шағым иесіне сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жаңа кадастрлы  жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай анықтамасы берілді. Қызмет алушының бұзылған құқығы толықтай қалпына келтірілді.

Бұзушылықтарға жол берген жауапты маман «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.