Жаңалықтар

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі

«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 түнде, 26 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 25-26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қаласында 25-26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.