Цифрлық Қазақстан

Роботтар сынға түсті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «КазРоботикс» Қазақстан спорттық және білім беру роботтехникасы федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «KazRoboSport – 2024» республикалық спорттық роботтехника чемпионатының финалы өтті.

Чемпионат 2016 жылдан бері жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оған ауыл балалары, аула командалары, жеке роботтехника мектептерінің, мамандандырылған лицейлердің оқушылары қатысты.

Байқау қорытындысымен жүлделі I орынға «Aqbobek International School»-дың оқушысы Алпамыс Саржігітов лайық деп танылды. Атырау қаласындағы «LoopFinder» мектебінің оқушысы Парасат Сакишевке II орын бұйырды. Үздік үштікті Атырау облысындағы №19 мектеп-гимназияның оқушысы Бекжан Көмеков түйіндеді. Жеңімпаздардың барлығына қаржылай сыйақы табысталды. 

Айжан ӨЗБЕКОВА