Жаңалықтар

Апостиль қою тәртібі жеңілдеді

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Гаагада 1961 жылы 5 қазанда қабылданған. Ол шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенциямен, сонымен қатар бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Гаага конвенциясы азаматтық немесе коммерциялық мәселелерде сот және соттан тыс құжаттарды шетелдік тарапқа беру мен ұсынудың ең тиімді  механизмін қамтамасыз етуге арналған халықаралық процестегі маңызды көпжақты халықаралық келісім.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Яғни ХҚКО арқылы қағаз жүзінде немесе 2021 жылдың қаңтарынан бастап «Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

Апостиль қою мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесі жеңілдетілді.Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимде өтініш беруге мүмкіндік береді.Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан әрі сканерленген құжаттармен қоса берілген электрондық өтініш (PDF файлында) «Е-Апостиль» сервистік бағдарламалық өнімі жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимде жүзеге асырады.Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңба қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін «Электронды үкімет» порталы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді.Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар PDF файлы түріндегі электрондық форматта қалыптастырылады.

Электрондық апостиль «Электронды үкімет» порталы арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртаңбасы бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.Электрондық апостильдеудің басты артықшылығы – апостиль шығаруға және оның түпнұсқалығын белгілеуге жұмсалатын шығындар мен уақытты қысқарту, апостиль қызметтеріне қол жеткізуді жеңілдету, алаяқтықтан қорғауды арттыру, құзыретті органдардың жүктемесін азайту, құжаттарды жоғалту қаупін азайту, халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін жеңілдету және статистика жүргізуді жеңілдету.Осылайша электрондық апостиль апостильді қою, жазу және тексеру үшін жылдам, қауіпсіз және қағазсыз процедураны енгізеді.

Шолпан ТУТКУШЕВА,
облыстық
әділет департаментінің
бөлім басшысы