Білім

«Баланы мектепке даярлайық!»: 3 мыңнан аса оқушы қамтылады

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу жылына дайындау мақсатында жыл сайын «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы ұйымдастырылады.

Акцияға партияның аймақтық, аумақтық филиалдары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, кәсіпкерлер мен партия жақтастары қатысуда.Кеше ауқымды акция аясында партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп формасы, оқу құралдары мен басқа да керек-жарақтарын тарту етті. Бұл бастамаға облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары мен бастауыш партия ұйымдары да ықпал етті. 

Өткен жылы акция шеңберінде 3 370 баланың мектепке баруын қамтамасыз ету мақсатында 126 миллион теңгеге мектеп формасы, оқу құралдары мен сөмкелер тарту етілді. Ал биыл облыс бойынша 3 мыңнан аса баланың мектепке дайындығын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының 
баспасөз қызметінің меңгерушісі