Меркі ауданында кешенді оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өткізілді
Ағымдағы жылдың 21 тамызында Меркі ауданының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының ТЖ жөніндегі комиссияның, авариялық-құтқару қызметтерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдарын одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өткізілді.
Кешенді оқу барысында:
- басшылық құрамға, басқару органдарына, аудандық төтенше жағдайлар комиссияларына, азаматтық қорғау қызметінің басшыларына хабарланып, күштер мен құралдарды әзірлікке келтіру туралы бұйрық берілді;
- жедел штабтың кешенді оқу-жаттығуға жұмысы ұйымдастырылды;
- шұғыл әрекет ету жасағы сапқа тұрғызылды және дайындығы тексерілді;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға дайындық мәселелері бойынша аудандық азаматтық қорғау қызметтерін тыңдау өткізілді;
- 4 кіріспе (арнайы тактикалық оқу-жаттығу) бойынша іс-жүзінде пысықтау жүргізілді.