ҚХА жобасын іске асыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесі барлық өңірге таратылады
Жамбыл облысының этномәдени бірлестік өкілдері «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасын іске асырудың аралық қорытындысын талқылады, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXIII сессиясында берген тапсырмасына сәйкес өңірде «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Ербол Қарашөкеев басқосуда сөз сөйлеп, жоба сенім мәдениетін дамытуға, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға, ҚХА құрылымдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.
Жоба аясында 50 елді мекендегі 5 100 тұрғынды қамти отырып, 171 ісшара ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері Руслан Тоқатов облыстың 8 ауданына ат басын бұрып, халықпен өзекті мәселелерді талқылады.
Қайрат Баймульдиновтің айтуынша, ҚХА-ның жобасын іске асыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесі еліміздің барлық өңіріне таратылады.
Кездесуде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров те жоба туралы ойларын ортаға салды.