Мәдениет

Душанбеде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың бюсті ашылды

Бүгін, 21 тамызда Душанбеде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Мәдениет күндері аясында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев бюстінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйлеп, аталмыш шара екі халықтың мәдени ынтымақтастығы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

Абай мүсіні Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында орнатылған.
Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Душанбеде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, қазақстандық көркем фильмдер көрсетілімі, көрмелер мен танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттер өтеді.

Мәдениет күндері 22 тамызда «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде өтетін гала-концертпен қорытындыланады.