Жаңалықтар

Биыл Таразда тоғыз футбол алаңшасы пайдалануға беріледі

Дені сау ұрпақ қалыптастыру бұқаралық спортты дамытып, спорт алаңшаларын көптеп салумен ұштасып жатыр. Бұған қол жеткізу мақсатында Тараз қаласында ілкімді істер қолға алынған, деп хабарлайды arainfo.kz

Айталық, қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында шаһар бойынша 24 шағын футбол алаңшасын салу қажеттілігі туындаған болатын. Соған орай биыл облыс орталығында 9 алаңша ел игілігіне берілмек. Қазіргі таңда «Қарасу» (5) ықшамауданы, №12, 15, 16 үйлердің ауласында бой көтеріп жатқан футбол алаңшасының құрылысы толығымен аяқталды. Қалған 8 нысанның да құрылысы таяу уақытта тәмамдалады деп көзделуде.

Соған орай Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Қарасу» шағын ауданы, №16 үйдің маңында бой көтерген спорт алаңшасының құрылысын көріп, тұрғындармен тілдесті.

Бұдан бөлек, биыл қала аумағында 14 спорт алаңшасы қалпына келтіріліп, жаңа кейіпке енеді. Осылайша, биыл жыл соңына дейін тұрғындар жаңа шағын футбол алаңшаларының игілігін көреді.

Қала әкімі шаһардағы құрылысы жүріп жатқан ойын алаңшаларының да сапасын тексерді. «Ақбұлақ» шағын ауданындағы жетінші үйдің ауласындағы «Проект и К» ЖШС мердігерлігімен соғылған ойын алаңшасына аялдаған Бақытжан Әмірбекұлы жауаптыларға барынша сапаға мән беру қажеттігін айтты.

Жалпы биыл Тараз қаласы бойынша 25 ойын алаңшасының құрылысы жүрсе, былтыр 26 ойын алаңшасы пайдалануға берілген болатын.