Қоғам

«Бестерек» буллингтен қорғайды

Кейінгі уақытта балалар арасында бір-біріне психологиялық қысым көрсету көбейіп кетті. 2022 жылғы статистика бойынша, елімізде мектеп оқушыларының 30 пайызы буллинг құрбаны болған екен.

Облыс әкімдігі білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыс мектептерінде өткен жылдан бері «тәуекел» тобындағы балаларды анықтап, олармен профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Бестерек» жобасы іске асырылуда.

Аталған жоба аясында құқықбұзушылыққа, агрессияға бейім 2 210 оқушы анықталған. Қазіргі таңда жастармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.

Аяулым ЖАМАНҚАРА, 
журналист