Қазақстан Тайландпен визасыз келісім бекітті
Қазақстан Үкіметі Тайландпен визасыз режим туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды arainfo.kz
Жаңа визасыз режимнің арқасында Қазақстаннан және басқа елден келген саяхатшылар Таиландқа келгенге дейін немесе кейін виза алмай-ақ кіре алады. Дегенмен, олар төлқұжаттары тексерілетін шекарада бақылаудан өтуі керек.
Келісімде егер азаматтар екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болғысы келсе, олар мемлекеттің заңнамасы мен ережелеріне сәйкес талап етілетін тиісті виза алуы тиіс екендігі нақтыланады.
Үкіметтің қаулысы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.