Білім

Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде «Абай онкүндігі» бойынша іс- шаралар легі өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы бекіткен «Қазақтың ұлы ақыны, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлына арналған «Абай жолы – болашаққа бағдар» атты «Абай онкүндігі» бойынша 2024 жылғы 5 мен 14 тамыз аралығында Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде бірқатар іс- шаралар өткізілді.

Акция барысында атқарылған іс – шаралар:

5 тамыз – бөлім жеке құрамымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» тақырыбында тәрбие жұмысы ұйымдастырылды.

6 тамыз – бөлім жеке құрамымен «Абай – қазақтын бас ақыны» тақырыбында ақпараттық сағаты ұйымдастырылып, «Тарих. Тағдыр. Тұлға» деректі фильмі көрсетіліп, соңынан талқыланды.

7 тамыз – бөлім жеке құрамымен «Ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, информатор» тақырыбында тәрбие жұмысы ұйымдастырылды.

8 тамыз – бөлім жеке құрамы Абай атындағы орталық кітапханасымен бірлесіп, Абай Құнанбаевтың туған күніңе орай «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби – сазды кешін ұйымдастырылды. 2 жедел мақсаттағы батальон сарбаздары қатардағы жауынгерлер Н.Қалықұл, О.Тоқсеит, Н.Асылбеков, А.Дауылбай, Б.Жұмабек, В.Колесниченко қатысты.

9 тамыз – бөлім жеке құрамы Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» мәнерлеп оқу шеруі ұйымдастырылды. (Абай өлеңдерін жатқа айту). Мәнерлеп оқу шеруіне 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері: қатардағы жауынгерлер Н.Қалықұл, О.Тоқсеит, Н.Асылбеков, А.Дауылбай, Б.Жұмабек, В.Колесниченко қатысты. Аталған іс-шара Жамбыл облыстық 77 ТВ,  Тараз 24 ТВ жаңалықтар топтамасында көрсетіліп, JAMBYLINFO жаңалықтар сайтына «Таразда Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған әдеби кеш өтті», Жамбыл облыстық «AR-AI» газетінің 9 шілдедегі №61 санына «Адамзаттың шамшырағы» мақаласы шықты.

9 тамыз – бөлім жеке құрамы Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мен Шекспир – екі жүректің үндестігі» әдеби кешіне қатысты. Әдеби кешке 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері: кіші сержант К.Фазаиров, қатардағы жауынгерлер Е.Тулеукалиев пен В.Колесниченко қатысып, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының атынан алғыс хат және сыйлық алды.

10 тамыз – демалыс күні жоспарына сәйкес бөлім жеке құрамымен «Абай және оның дәуірі» тақырыбында викториналық кеш ұйымдастырылды.

10 – 11 тамыз күндері – «Менің ақыным», «Абай» (реж. А.Әмірқұлов) көркем фильмдері көрсетіліп, соңында жеке құраммен талқыланды.

12 тамыз – бөлім жеке құрамымен «Абай сөзі – ұрпақ темір қазығы» тақырыбында тәрбие жұмысы ұйымдастырылды.

13 тамыз – бөлім жеке құрамымен «Абай – қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.