Жаңалықтар

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын еске салды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.