Толғандырған сұраққа - тұшымды жауап
Қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлі «Нағыз жаза – жұмысқа салу емес, нағыз жаза – жұмыссыз қалу шығар» дейді. Расында, екі қолға бір күрек таба алмаған азаматтарды көрсек, ойланып қалатынымыз рас.
Халықты жұмыспен қамту мен әл-ауқатын арттыру мәселесі Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында. Бұған дейін Президент «Жұмыспен қамтудың жол картасын» сынға алып, «қағаз жүзінде ғана жұмыспен қамту» мәселесі шешімін таппайынша, халықтың күнкөріс деңгейі артпайтынын айтқан болатын.Осы орайда жуырда Тараз қаласындағы «Grand Bazar» сауда орталығында облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық кеңес беру және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында қала тұрғындарының көкейіндегі сауалдары тыңдалып, мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен түсіндірілді.
Ал қала тұрғыны Ботагөз Елубаева да іс-шараға кездейсоқ келгенін жасырмады.
Аяулым ЖАМАНҚАРА