Білім

Еуразия ұлттық университетінде жаңа студенттер жатақханасы ашылды

ENU-да жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында қоныстана алады, деп хабарлайды arainfo.kz

Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы «Bastau Damu kz» компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан  орналасады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры  Ләзат Нұрқатова жаңа жатақханалардың құрылысы өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында тұрғын үй қорын жаңғыртудағы негізгі ұстанымдардың біріне айналғанын атап өтті.

Жатақхананың ашылуына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Л.Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ-дың Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ләзат Нұрқатова, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері, елорда мәслихатының депутаттары, Қазақстан Республикасы Студенттер альянсының төрағасы Ұлан Нәукен, Астана қаласының студенттік омбудсмені Аружан Бахитова және т.б. қатысты.

Студенттер үйінің бірінші кіре берісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коворкинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.