Экология

«Тарихта болмаған қолдау»,- қазақстандық шаруалар су үнемдеу жүйелеріне төленетін субсидия мөлшерін ұлғайту шешіміне қуанышты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты,деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл заманауи суару жүйелерін сатып алу, сондай-ақ барлық қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету шығындарын өтеуге көмектеседі.

Субсидия мөлшерін ұлғайту шешімін шаруалар қуана қабыл алды. Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев биыл 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатқан. Шаруа суарудың жаңа әдісі арқылы тіршілік нәрін де тыңайтқышты да бірнеше есе үнемдегенін айтады.