Заң

Көңіл-көтеру орындарында қорқор шеккен жамбылдық 20 азамат жауапқа тартылды

Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап

Полиция қызметкерлері Тараз қаласында келушілерге кальян ұсынатын дәмхана-барларға қатысты рейдтік іс-шаралар өткізуде.  

Әкімшілік хаттамалар ойын-сауық орындарының иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды.

Рейд барысында полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу, вейптер мен электрондық  темекі таратқаны үшін қарастырылатын  қылмыстық жауапкершілік туралы  талаптарды түсіндіруде. Осы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының полиция департаменті вейптер саудалаған азаматтарға қатысты  3 қылмыстық іс қозғады.