Шаруаларға 6 млрд текше метрден астам су берілді
«Қазсушар» филиалдары суару маусымында еліміздің шаруаларына 6,12 млрд текше метр су берді. Бүгінгі таңда дихандармен суармалы су беру туралы 23 886 келісімшарт жасалған, деп хабарлайды arainfo.kz
Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан тарапымен жарты жылда елімізге Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы келісімге келген болатын. Суару кезеңінің соңына дейін өзбек тарапы тағы 500 млн текше метр су жібереді.
Ал, Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында Қазақстанға Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.