Заң

Құқықтық тәрбие - сыбайлас жемқорлықтың алдын алады

Құқықтық адамгерілікке тәрбиеде аса маңызды нәрсе – ол азаматтыққа тәрбиелеу. Әрине, тәрбиенің басқа бағыттарынан бұл бағытты бөле жарып, мектептің жеке адамды қалыптасыу жұмысынан ажыратып алу туралы ой тумауы тиіс.

Сондықтан бұл процестің тек бірнеше ерекшеліктері жайында оның ішінде «Мемлекет және құқық негіздері» пәнін оқытудан шығатын педагогикалық факторлар мен шарттардың азаматтықты қалыптастыруға тигізетін әсері жөнінде ой қозғағанымыз дұрыс. 

Алғаш рет азаматтық тәрбие идеясын ұсынған б.з.б. 4 ғасырдағы грек ойшылы Платон. Бұл идеяның одан әрі жалғасуы дамыған құл иеленушілік мемлекеттердің дүниеге келуімен тікелей байланысты (Рим мемлекеті). Оның көрініс беру мемлекеттің ішкі және сыртқы қажеттіліктерінен, яғни билеуші таптың мүддесін қорғау, мемлекет шекарасын сыртқы жаулардан қорғау, басқа территорияларды жаулау ниетінен туындады деп түсіндіреді марксистер.

Платон мемлекеттің функциясының адамға бала күннен оның бойына «Толыққанды азамат болуға құштарлық дәнегін себу» фукциясын шығарды. Азаматтық тәрбие теориясының одан әрі дамуы капиталистік қатынастардың қоғам өміріне тереңдей енуімен тікелей байланысты. Осылайша алғашқы капиталистік елдердің конституцияларында азамат деген ұғым пайда болды. Француздың буржуазиялық революциясынан кейін бүл ұғым «Адам мен азаматтың құқықтарының Декларациясына» енді.

Уақыт өте келе азамат ұғымы өзге елдерінде ресми айналымында жиі кездесетін сөзге айналды. Ағылшынның ойшылы Джон Локктың көзқарасы бойынша «үстемдік етуі ортадан шыққан балаларды өздерінің құқықтарын пайдалана алатын болуға тәрбиелеу қажет те, ал қарапайым бұқараның балаларын өздерінің міндеттерін мүлтіксіз орындауға епті болуға, өмірлік игіліктерге бой ұрмауға тәрбиелеу қажет» - деп пайымдаған.

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту – бүгінгі сара бағытымыз, ашық та айқын саясатымыз. Мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақстандықтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті.

Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, парасаттылық, инабаттылық, экологиялық, құқықтық, т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып қоғамның экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартып, нығайтып отырады.