Білім

«Жүлде қоры - 3 миллион 692 теңге»:Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды

Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн. 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды arainfo.kz

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз)

2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);

3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.