Тазалық жұмыстары жүргізілді
Осы жылдың сәуір айынан бастап, елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы іске қосылғаны белгілі.
Жалпыұлттық экологиялық акцияны жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері де бірауыздан қолдап, санитарлық шараларын жүйелі ұйымдастыруда. Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері мекеме аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл күні олар мекеме айналасындағы арық-атыздарды күл-қоқыстан арылтып, тал-дарақтарды абаттандарды.
– Біздің қызметкерлер тазалық акциясына белсенді қатысуда. Нәтижесінде мекеме аумағында тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылуда. Санитарлық шаралар кезінде арық-атыздар күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Осылайша, экологиялық іс-шаралар жүргізіліп, айналаны жасыл желекке көмкеруге көптеп көңіл бөлінуде. Жалпы, қоршаған ортаның көркеюіне тамшыдай үлес қосу – баршаның парызы, – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Бахтияр Онбаев.
Айта кетейік, бүгінде таңда №26 түзеу мекемесінде жеке құрам бойынша 52 қызметкер бар.