Тараздағы түзеу мекемесінен корейлік азамат бостандыққа шықты
55 жастағы ер адам өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген.
Ол Қылмыстық Кодекстің 128 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, сот шешімінің негізінде 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді.
Сотты болған азаматты мекеме қақпасынан шығарып салу барысында ҚАЖ қызметкерлері оған құқықтары мен міндеттерін мұқият түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау қажеттігін қатаң ескертті.