Спорт

Батырхан Төлеуғали алғашқы қарсыласын ұтты

Париж Олимпиадасына барған ең жас спортшымыз Батырхан Төлеуғали (80 кг) алғашқы жекпе-жегінде Исмаэль Кулибалидан басым түсті. Есеп: 2-1, деп хабарлайды arainfo.kz

Енді Батырхан ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен (Италия) күш сынасады.

Айта кетейік, Батырхан - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы. Ал Мали таеквондошысы әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.