Қордайлық кәсіпкер балмұздақтың 120 түрін шығаруда
Кез келген бизнес тәуекелмен байланысты екені анық. Бірақ күшіңе сену, шама-шарқыңды бағамдай білу және дұрыс есептеу жарқын жетістікке жетелейтін жол екендігін де ұмытпау керек.
Табыстың кілті – тынымсыз еңбек. «Куликов и К» және «Кордайский молочный продукт» серіктестіктері ұзақ жылдар бойы осы қағиданы негізге ала отырып жұмыс істеп келеді. Бүгінде кәсіпорын шығаратын өнімдер Қазақстаннан бөлек, шет мемлекеттерде де танымал. Мұндай жетістіктің сыры – жоғары сапада.Кәсіпкер Ислам Давуз жетекшілік ететін кәсіпорын кондитерлік және сүт өнімдерін шығаруға маманданған.Қазіргі уақытта «Сладари» маркасы кондитерлік өнімдердің 70-тен аса түрін қамтиды. Нарықта шыққалы бері 17 жылдан астам уақыт бойы «Куликов и К» тұтынушылардың сүйіспеншілігін иеленумен қатар, бірнеше мәрте кәсіпкерлік саласындағы ең жоғары марапаттарға ие болды. Осы жылдар ішінде мұнда көптеген өз ісінің білікті мамандары дайындалды. Бұл кәсіпкер Ислам Давуздың тағы бір үлкен мақтанышы.Белгілі болғандай, іскер азамат өндірісте жаңа технологияларды енгізуге ерекше ден қояды. Кәсіпкер ең алдымен тек табиғи шикізатты пайдалануды қолдайды.
Бұл принцип барлық өндірілген өнімдерге қолданылады. Бірегей технологияларды енгізу өнімді тіпті ұзақ қашықтыққа тасымалдағанда да сапаны сақтауға септігін тигізеді. Айтпақшы, қазіргі уақытта Еуропаға экспортқа шығарылатын өнімдердің жаңа желісін шығару жоспарлануда.Кәсіпкер сәтті жүзеге асырып жатқан тағы бір ауқымды жоба – сүт саласы. Дәлірек айтсақ, балмұздақ пен май өндіру. Қазір серіктестік балмұздақтың 120 түрін шығарады. Уақыт өткен сайын сұраныс артып келеді. Соған сәйкес ассортиментін кеңейту қажет.Қордай жерінде өндірілген балмұздақтарды бүгінде Қазақстанның барлық қалаларындағы дүкен сөрелерінен табуға болады. Арнайы рецепттерді қолдана отырып Ислам Исмарұлы балмұздақтың эксклюзивті түрлерін жасап шығарды. Осылайша кәсіпкер мен оның ұжымы бала кезімізден бізге таныс «Пломбир» мен «Каракум» сияқты балмұздақтарға ерекше дәм бере білді. Мұздатылған, кептірілген жидектерді қосу арқылы балмұздақтың жаңа түрін шығару көптен күткен нәтижеден асып түсті. Әсіресе табиғи таңқурай мен құлпынай дәмі «Сладари Востока» өніміне ерекше дәм береді.
Айта кету керек, өнімдерді жеткізуде арнайы брендтелген көліктер қолданылады. Тәтті өнімді тасымалдайтын «Сладари» брендін байқамау мүмкін емес. Шын мәнінде, арнайы өндіріске қажетті технологияларынан басқа, жарқын, түрлі-түсті қаптама дизайны маңызды рөл атқарады. Осы бөлшектердің барлығы Қордайдың кең танымал «Сладари» брендінің бейнесін жасайды.Сонау 2012 жылы «Кордайский молочный продукт» өз алдына жергілікті нарықты экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету бойынша ауқымды мақсат қойды. Көптеген жылдар өтсе де компанияның мақсаттары өзгерген жоқ. Бүгінгі таңда И.Давуз бастапқы бағытты жандандыруға және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысуға дайын. Атап айтқанда ашытылған сүт желісін шығару. Мұндағы жалғыз мәселе – табиғи сүттің жеткілікті көлемінің жоқтығы. Мәселе оң шешімін тапса біз тарихта қалған «Снежок» ванильді айранының дәмін тағы да тата аламыз.
Шолпан САБАНОВ,
журналист,
Қордай ауданы