Тендер – табыс көзі
Тендер бизнесі – шексіз мүмкіндіктер алаңы. Миллиондап инвестиция құймай-ақ қолыңызда бар қаржымен бастап, мол табысқа кенелуге болады.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Абзал Мұсабеков те бастапқыда дәнекерлеуші болып жұмыс істегенімен қазіргі таңда тендер арқылы тәп-тәуір табыс тауып отыр. Абзал бүгінге дейін 3 000-ға жуық шәкірт оқытыпты. Арасында ұстазынан озған шәкірттер де аз емес.Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар өзіне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін тендер өткізеді. Тендерді мемлекеттік мекеме ұйымдастырса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теңдерде жеңіске ең арзан баға ұсынған кәсіпкер жетеді.
– Тендер бизнесінің қыр-сырын 400 мың теңгеге оқытамыз. Кез келген азамат сабағымызға қатыса алады. Ал сабағымызға қатысып, саланың ұңғыл-шұңғылымен жан-жақты танысып, үйреніп шыққан соң біреуге жұмыс істеудің қажеті жоқ болады. Мысалы еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 300 000-400 000 теңге пара беретіндер де жеткілікті. Сөйтіп 60 000 теңге айлық алады. Ал тендерді үйренсе өз-өзіне бастық бола алады.
Кейбірі «тендермен айналысайын десем айналымға ақша жоқ» деп сылтау айтады. Азды-көпті тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Тәуекел етіп бастап кету керек. Бұрын таныс-тамыры мықты азаматтар ғана тендерге қатыса алатын. Қазір заман басқа. Бағдарлама толықтай автоматтандырылған. Жеңімпазды робот алгоритм анықтайды.Одан кейін салада білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін де айта кеткен жөн.
Неге нақты тендер саласы деп ойланып көрсек, түсіне білгенге артықшылығы өте көп екен. Мәселен сіз қандай кәсіп бастайтын болсаңыз да қалтаңызда кемі 500 мың немесе 1 миллион теңге болуы қажет. Ал тендерге 20-30 мың теңгемен де қатыса аласыз. Арнайы ғимарат жалға алып, жұмысшы іздеп те әуре-сарсаңға түспейсіз. Қолыңызда ноутбук пен интернет болса болды.Осы ретте Абзалдың өзі тәрбиелеген ең үздік шәкірті әрі жеке көмекшісі Жарқынай Қамбатырмен сөйлестік.
– Тендер дегеніміз – онлайн сауда. Мемлекет қазынасынан қаржыландырылатын кез келген мемлекеттік мекеме өзіне қажет тауар, қызметтер мен жұмыстардың барлығын тендер конкурсы негізінде сатып алады. Ал біз мемлекеттік мекемелерге қажетті жұмыстарын орындау арқылы және тауарды тауып беру арқылы табыс табамыз.Тендерге қатысу үшін міндетті түрде заңды тұлға болуы қажет. Міндетті түрде жеке кәсіпкерлік болуы керек. Электронды цифрлы қолтаңба болуы тиіс. Сонымен қатар тендерді кез келген қаржымен бастай аласыз.
Кезінде Кристофер Морли: «Ешкім оқымаған кітапты оқы, ешкім ойламаған ойды ойла. Елдің пікіріне сену – ақыл-ойыңа зиян» деген екен. Бүгінгі кейіпкеріміз Абзал да ешкім салмаған сүрлеуді салып, армандап көрмеген биіктеріне жеткен.
Табыстың кілті – көңіл бөлу. Таңдаған салаңызда табысқа жетуді көздесеңіз, сол салаға жеткілікті көңіл бөліп, шын ниетпен іске кірісу керек.
Эльмира Байназарова