Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» саммиті басталады
Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті басталады. Саммит екі күн болады. Оған қатысуға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида келеді, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап
10 тамыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Орталық Азия елдері мен Жапонияның сыртқы істер министрлері және олардың орынбасарлары 16 рет бас қосқан.
ФУМО КИШИДА КҮНШЫҒЫС ЕЛІНІҢ КӨМЕК ТОПТАМАСЫН ЖАРИЯЛАЙ МА?
Биыл кездесу алғаш рет мемлекет басшылары деңгейінде болады. Бұған дейін The Japan Times басылымы Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Орталық Азияға сапарында осы аймақтың басшыларымен кездесіп, Күншығыс елінің экономикалық көмек топтамасын жария етеді деп жазған.
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, шағып құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда бірқатар келіссөздер жүргізді.