Саясат

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.