Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
20 жылдан кейін алғаш рет грек-рим күресінен қазақстандық балуан финалға шықты. 2004 жылғы Афина Олимпиадасында аса ауыр салмақ дәрежесінде Георгий Цурцумия күміс жүлдеге қол жеткізген еді, деп хабарлайды arainfo.kz
Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде қазақстандық балуан жапониялық Нао Кусакаға 2:5 есебімен есе жіберіп, Париж Олимпиадасының күміс медалін иеленді.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын жеңген еді. Кейін ол ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті. Ал жартылай финалда Әзербайжан спортшысы Санан Сүлеймановтан айласын асырған болатын.