Жаңалықтар

Кредиті бар сарбаздар борышын алаңсыз атқаруда

Қазір әрбір екінші қазақстандықтың басында несие бары шындық. Әскерге шақырылғандар арасында да екінші деңгейлі банктерге қарыз сарбаздар аз емес. Дегенмен, несие Отан алдындағы борышты өтеуге әсер етпеуі керек. Мәселені заңды түрде шешу үшін сарбаздарға кредиттік демалыс қарастырылған болатын.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадасында борышын өтеп жүрген сарбаздар да кредиттік демалыстарын сәтті пайдаланып жүр.Нұрхатқа 600 мың теңге несие тұрмыстық техника алу үшін қажет болыпты. Сағи да несиеге теледидар алып, әскерге шақырылғанға дейін 50 мың теңге көлеміндегі алғашқы төлемді жасап үлгерген. 


Нұрхат та алғашында «Несиені енді қалай төлеймін?» деп алаңдағанын жасырмайды.


Жігіттер тиімді пайдаланып отырған кредиттік демалыс Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мүмкін болды.Аталған бригаданың командирі, подполковник Жәнібек Құранбеков әскери бөлімге жас сарбаздар келген сәттен-ақ олардың несиелерінің бар-жоғын анықтау жұмысы жүргізілетіндігін айтады.

Ақтоты Жаңабай