Жамбылда «Тараз – таза қала» экологиялық акциясы өтті
Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған.
Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі.Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырап, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жерасты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл адамзат үшін өте қауіпті құбылыс. Бұдан бөлек, қала ішінде пластик қалдықтардың қаланың кәріз жүйесін толтырып, су басу қаупін тудыратыны белгілі.
Осындай мәселеге жол бермеу мақсатында қала тұрғындары, коммуналдық мекемелер, белсенді жастар «Тараз – таза қала» атты облыстық экологиялық акциясын өткізді.
Қатысушылар Тараз қаласы Салтанат ықшам ауданында орналасқан «Жасыл желек» алқабында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды тазартты. Экологиялық акцияға 100-ге жуық адам қатысып, шашылып жатқан пластик қалдықтар мен қоқыстарды жинап, 300 қап қоқысты арнайы орынға апарып төкті.