«Электронды үкімет» порталының қолжетімділігі арта түсуде
Әр дәуірдің өз талап-тілегі бар. Жаһандану дәуірі есік қаққалы жұрт жаңа технологияның тілін меңгеруге көшкен. Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы. Қазіргі жас буын бейбіт күнде дүниеге келіп, жайлы өмір сүруде. Себебі, тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие. Осының бәрі – Қазақстанның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі.