Жаңалықтар

Олимпиада жеңімпаздары Парижден елге оралды

Париж Олимпиадасына қатысқан Ұлттық құрама спортшыларының бір легі елге оралды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Алматының халықаралық әуежайына ел тарихындағы спорттық гимнастикадан алғашқы жүлдені жеңіп алған Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов, төртжылдықтың басты додасының алғашқы күні жүлделі болған Олимпиаданың қола жүлдегерлері Ислам Сатпаев пен Александра Ле, сондай-ақ нысана көздеу және спорттық гимнастикадан Ұлттық құрама мүшелері мен жаттықтырушылары елге оралды.

Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғап, көк туды көкте желбіреткен спортшыларды жақындары мен жанкүйерлері мен достары салтанатты түрде күтіп алды.Спортшыларды қарсы алу кезінде домбыра, баян мен гитарада қазақтың ұлттық әуендері шырқалды.

Еске салайық, 5 тамыз күні Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев бастаған олимпиадашыларымыз туған жерге табан тіреген  еді.