«Үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндігі әлі де бар!»: министр түлектерге тегін оқу жолдарын көрсетті
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО грантына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
Ол өз сөзінде елдегі су тасқынына қатысты білім гранттарының бір бөлігі су басқан өңірлердің түлектеріне бөлінгенін айтты.
Министрдің айтуынша, түлектердің ЖОО грантын алуға әлі де мүмкіндіктері бар.
Айтуынша, 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
- 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
- Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.
- KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.
- Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.
- Жұмыс берушілердің гранттары.
- Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.
- Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.
- Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.
- Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.
- Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.