Жамбыл облысында алтын ұрлауға қатысы бар қылмыстық топтар ұсталды
Ішкі істер министрлігі алтын ұрлаумен және заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тонна кен тәркіленді.