Жаңалықтар

Ғұсман Қырғызбаевқа көлік тарту етілді

Спортшы Олимпиадаға аға лейтенат болып барып, капитан болып қайтқан, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев барша қазақ еліне алғысын білдірді.

Халықаралық Алматы әуежайының алдында спортшы Ғұсман Қырғызбаевқа Дзюдо федерациясы көлік сыйлады.