Спорт

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Туризм және спорт министрлігі жазғы Олимпиада ойындарының оныншы күні жарыс жолына кімдер шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

5 тамызда (дүйсенбі) спорттың 3 түрінен 5 спортшы бақ сынайды (стенд ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі).

Скит микс (А. Орынбай/Э. Ещенко) сынында стенд атуда медальдар ойналады.

Қалған 2 спорт түрінде іріктеу кезеңі жүріп жатыр.
Осылайша, 5 тамызда Қазақстан спорттың 1 түрі бойынша 1 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Стенд ату
12: 00 Іріктеу кезеңі. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скитте жұп микс өнер көрсетеді.

18: 00 Финал.

Жеңіл атлетика
15: 50 Іріктеу кезеңі.  Ольга Сафронова (200 м) жұбаныш жарысына қатысады.

23:45 Жартылай финал.

Грек-рим күресі
18: 00 60 кг салмақ дәрежесіндегі Айдос Сұлтанғали, 130 кг салмақ дәрежесінде Әлімжан Сыздықов өнер көрсетеді.

00: 00 Жартылай финал.