6 КӘСІПКЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
6 КӘСІПКЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың басынан бері бөлім тарапынан прокуратура ұсынысы мен тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың негізінде 10 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте, 1 жеке кәсіпкер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заңбұзушылықты қайталап жасағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабының 2-бөлігімен айыппұл түріндегі (10 АЕК – 30630 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Тараз қаласының аумағында азық-түлік саудасы қызметін атқаратын кәсіпкерлік субъектілеріне сауда үстемесін Заңда белгіленген мөлшерлерден тыс арттыру әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз. Қала аумағындағы кәсіпкерлермен азық-түлік дүкендерінде баға үстемелерін жоғарылату мәселесі бойынша Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне шағымдану үшін 8 (7262) 45 96 08 нөміріне хабарласуға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Айдын АЛТАЙ, Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы