Қоғам

Тазалық жұмыстарына жазасын өтеушілер де өз үлестерін қосуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық науқаны аясында өңір-өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу және айналаны күл-қоқыстан арылту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны абаттандыру шарасына түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар да белсене қатысып, өз үлестерін қосуда. Мәселен, бірер күн бұрын ңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталған әйелдер санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл күні жазасын өтеушілер мекеме аумағындағы арық-атыздарды тазалап, аула ішін күл-қоқыстан арылтты. 

Айта кетейік, аталған мекемеде Қылмыстық-атқару Кодексінің 121 бабына сәйкес, сотты болғандардың қатысуымен жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.