Кимононың да киесі бар ма?
Олимпиада ойындарының финалында Елдос Сметов татамиге Жапонияның даңқты дзюдошысы Такато Наохисаның кимоносын киіп шыққан.
«Мен Елдосты жеңісімен құттықтаймын. Ол финалда мен сыйлаған кимононы киіп шығып, чемпион атанды. Қазақ елі, алғашқы алтын жүлде құтты болсын. Біз Елдос екеуміз татамиде қарсылас болсақ та, өмірде доспыз. Оған деген құрметім ерекше.
Елдос Сметов пен Такато Наохиса Рио және Токиода өткен Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан бірге көрінген. Отандасымыз 2016 жылы Риода күміс жүлдегер атанса, жапониялық дзюдошы қола жүлдеге қол жеткізген. Ал, Токиода Такато чемпион болса, Елдос қола медальға иелік етті.
Талғат Нұрханов