Спорт

Белгілі кәсіпкерлер Әбибаға арнайы сыйақы бермек

Танымал кәсіпкер, меценат Дулат Тастекей Олимпиадада жеңіліс тапқан Әбиба Әбужақыноваға стипендия беретінін мәлім етті.

«Токио Олимпиада­сында қола жүлде алған Елдос бауырымыз сол жылы көпшіліктің шешімімен стипендия иегері атанған еді. Биыл бұл стипендияны Париж Олимпиада­сында жанкештілік көрсеткен Әбиба қарындасымыз алса, қалай қарайсыздар?» – деп жазды Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары кәсіпкердің ұсынысын қолдап, Әбибаның жабырқаған көңіліне демеу болатындарын жеткізді.Сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров та «Instagram» желісіндегі парақшасында Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін жазды. 

Талғат Нұрханов