Маусымдық жұмысшының құқығы қорғалуы тиіс
Жаз мезгілі тек демалыстың науқаны ғана емес, сондай-ақ студенттер мен жастардың ата-анасына қолғабыс ететін кезеңі. Бірі базарда балмұздақ пен жеміс-жидек саудаласа, бірі демалыс орындарында жұмыс істейді. Ал тіпті кейбіреуі негізгі жұмысынан қол үзіп, маусымдық жұмысты серік етеді. Жалпы маусымдық жұмысшылардың міндеті мен құқығы қандай? Олар нені ескеруі керек?
Маусымдық жұмыс қолданыстағы заңнамаға сәйкес климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір маусым ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішінде орындалатын жұмыстар.Жоғарыда аталған жұмысшылар еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартын жасасу арқылы жұмысқа қабылданады. Еңбек кодексінің 207-бабына сәйкес еңбек шартында маусымдық жұмыстарды орындауға шарт жасасу шарты және оларды орындаудың белгілі бір мерзімі көрсетілуі тиіс. Маусымдық жұмысқа еңбек шартын жасау кезінде қызметкердің өзіне тапсырылған жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.
Заңгердің айтуынша, келісімшарт бұзылған кезде қызметкерге жеке табыс салығын есепке ала отырып, жұмыс істеген уақытына сәйкес пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төленеді.
Денсаулыққа зиян келтіруден келтірілген шығындарды өтеу сол шығындарды растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылатын көрінеді.
Қорыта айтқанда, маусымдық жұмысшылармен еңбек шартын жасасудың өзіндік ерекшелiктерi Еңбек кодексінде жан-жақты қарастырылып, қолданыстағы заңға сәйкес реттеледі.
Аяулым Жаманқара