Бас жүлде біздің ШАПАҒАТТА
Бас жүлде біздің ШАПАҒАТТА
Биыл аталмыш байқауға 75 қатысушы 153 материал ұсыныпты. Солардың ішінен жеңімпаз, жүлдегерлерді анықтауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Жанарбек Әшімжан, қарымды қаламгер, белгілі журналист Қайнар Олжай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазин қазылық етті. – Тіл тағдыры негізге алынған байқауда шұбарлап сөйлейтін жастар жағы көбірек айтылды. Тіл шұбарлау деген – орысша араластырып дүбара сөйлеу ғана емес, қазақ тілін дұрыс қолдана алмау. Осы жағын өткірлеу сын садағына алдым. Еңбегім ақталып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын, – дейді әріптесіміз Ш.Әбдір. Бұл әріптесіміздің алғашқы жетістігі емес. Өткен жылды «Алтын тобылғы» республикалық байқауынан «Үздік әдеби туынды» номинациясы бойынша 3 000 000 теңге ұтып алып, қорытынды ла-ған еді. Бұдан басқа айтыс ақындары арасында ұйымдастырылған дүбірлі додаларда бірнеше мәрте бас жүлдені қанжығасына байлаған ақын, журналист Шапағат Әбдірді елеулі жеңісімен құттықтаймыз. Әріптесімізге болашақта бұдан да биік асуларды бағындырып, ел мерейін өсіріп, шығармашылық табысқа жете беруін тілейміз.
«AR-AI» газетінің ұжымы