Жамбыл жаңалықтары

«Алып анадан туады»

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметов төртжылдықтың басты додасында елімізге алғашқы алтынды сыйлап, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

– Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады.


Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдірді.Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.Өз кезегінде спортшының ата-анасы мемлекет және облыс басшылығына, барша жанашыр жанкүйерлерге деген ризашылықтарын жеткізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі