Жаңалықтар

Жамбылда жазасын өтеушілер психологиялық тренингке қатысты

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін «Стресс және оның алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева сотты болғандарға тақырып аясында бейнероликтер көрсетіп, тиісті сұхбаттар жүргізді. Сондай-ақ, бұл күні арнайы контингент өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақтарға толыққанды жауап алуға мүмкіндік берілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қауіпсіздігі барынша төмен аталған мекемеде 100-ден астам азамат жазасын өтеп жатыр.