Саясат

Экология министрі "Аралға жаңбыр жауғызамын" деген Алтай Айнабектің әрекетіне пікір білдірді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «жаңбыршы» атанып кеткен Алтай Айнабектің жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі “Алтай Айнабек соңғы уақытта әлеуметтік желіде көп талқыланып жүр. Сіздер оның Аралды толтыру жобасына қатысты қандай баға бересіздер? деп сұрады.

Нысанбаевтың сөзінше, онсыз да бұл күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жауу керек еді. Жалпы министр алғашқы 10 күнге берілген болжам әркез нақты болатынын айтады.