Жаңалықтар

«Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекті мәрте «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шара аясында қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінен жазасын өтеген қос азамат еркін өмірге жолдама алды. Осылайша, сотты болғандардың жазасы неғұрлым жазаның жеңіл түріне яғни, бостандығын шектеуге және айыппұлға ауыстырылған. 

Бұл күні мекеме қызметкерлері бостандыққа шыққан жазасын өтеушілерге өз міндеттері мен құқықтары түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау қажеттігін қатаң ескертті.