Жаңалықтар

Студенттің өмірі

Студенттің өмірі

Студенттің өмірі – ауыл жақты сағыну, Универдің ішінде бар талапқа бағыну. Сессияның кезінде беріліп мол төзімге, Кітапхана ішінен жиі-жиі табылу. Студенттің өмірі – төрт жыл бойы сабылу, Кей кездері қуанып, кей кездері жабығу. Жетпей қалған балл үшін, білмегеннің бәрі үшін, Сессияның кезінде апайыңа жалыну… Студенттің өмірі – қызық-қызық бір асу, Кітап ұстап қолыңа білім іздеп, қыр асу. Оқытушыларды ұға алмаған сәттерің, Соңғы курс келгенде қимастыққа ұласу. Білім деген – құндылық, білім – алтын пүліш қой, Жақсы студент атану – ол да өзінше жұмыс қой. Өзімізден де бәле бар, оқымаған адамның, Алуға тиіс бағасы – әлсіреген бір «үш» қой!

Ардақ САПИБУЛЛА