Тұрақты энергия көзі – қуатты мемлекетті қалыптастырады
Қазіргі таңда еліміздегі тапшылық тудырған электр энергиясын көрші елдерден сатып алуға мәжбүр болып жатқанымыз бәрімізге мәлім.Тиісінше тұтынушылардың саны артып, баға тарифі де қымбаттап жатқаны рас.
Әлемде ең көп салынған және ең қауіпсіз болып саналатын АЭС-терде су атом реакторлары қолданылады. Дәл осындай су атом реакторы Алматыдан 20 шақырым жерде орналасқан Алатау шағын ауданындағы Ядролық физика институтында 57 жыл бойы ешбір ақаусыз жұмыс істеп тұр. Осы институт базасында радиациялық қауіпсіздік және ядролық физикалық қауіпсіздік бойынша оқыту орталықтары бар. Демек, бізде керекті негізгі мамандар мен олардың кәсіби біліктілігін жетілдіретін оқу орталықтары жұмыс істеп тұр.
Экономикамызды қарқынды дамыту және энергетикалық қауіпсіздік үшін елімізде тұрақты энергия көзі керек. Баламалы энергия көздері ауа райына байланысты бізге тұрақтылықты қамтамасыз ете алмаса, жылу электр станциялары атмосфераны қатты ластайтындықтан дүниежүзілік экологтарының қыспағында. Қорыта келгенде, біздің сұранысты атом электр станциясы толығымен қанағаттандырады және де елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар.