Педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану дағдыларын меңгереді
Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.
Бастапқы кезеңінде 300 мұғалім мен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттыруда. Биыл 31 желтоқсанда аяқталатын курстар алты айға жоспарланған. Курс аяқталған соң әрбір қатысушыға сертификат беріледі, олар әрі қарай оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқыта алады.
Айта кету керек, оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта оқи алады. Әр сабақта бейнедәріс, қосымша материалдар және тест тапсырмалары бар. Сондай-ақ қатысушылар пилоттық жоба үйлестірушілерінен көмек сұрай алады. Пилоттық жоба барлығы 27 мыңнан астам оқушыны қамтиды.