Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Пара жеңіл атлетика: Қазақстан спортшысы Салтанат Әбілхасымқызы пара жеңіл атлетикадан Париж Паралимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол Т35 санатында 100 метрге жүгіру бағдарламасында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Паралимпиаданың 22 лицензиясы бар.
Тоғызқұмалақ: Чехияның Пардубице қаласында өткен тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем кубогінде жерлестеріміз 4 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Жарысқа 14 елден спортшы қатысты.
Үстел теннисі: Иракта ұйымдастырылған үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде отандасымыз Сарвиноз Миркадирова алтын жүлде жеңіп алды. Ол финалда үндістандық Таниша Котечадан 3:1 есебімен басым түсті.
Күрес: Таиландтың Сирача қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары 2 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.